Шымкентте 3 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді.
Оның айтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар.Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілТимирхандедегі жағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсыз болып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - деді Тимирхан Варзилов.Айта кетейік, бүгінгі күні емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар саны артып, 211-ді құраған. Мобильді бригада мамандары үйде 16 382 пациентке қызмет көрсетіп, 47 945 адамға дәрі-дәрмек жеткізіп берген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ДДСҰ: Еуропада вирустың қайта өршуіне жастар кінәлі
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы