Шымкентте 27 жастағы әйел 42500 теңге алуға көмектесемін деп хабарлама таратқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік әйел тұрғындарға 42500 теңге алуға көмектесемін деп хабарлама таратқан. Бұл қызметінің ақысын әр адамға мың теңге деп бағалаған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірде WhatsApp мессенджері арқылы "әлеуметтік төлем алуға көмектесемін" деген хабарлама тараған. Онда азаматтардан ЖСН, ЖК атауы, ЭЦҚ мен тіркелген мекенжайы, банк картасының нөмірі керектігі айтылған.

Аталған жайт бойынша, Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша іс қозғалып, тіркеуге алынды. Тәртіп сақшылары тарапынан жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, осы қылмысқа қатысы бар деген 27 жастағы әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда департамент тарапынан сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы