Шымкентте 27 көше еріген қардан тазартылды

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері қалалық коммуналдық қызметтерімен бірлесіп жауын-шашынның салдарын жою жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс қызметі деректеріне сүйенсек, жарияланған дауылды ескертуге сәйке қаласыда 2023 жылғы 12 наурызда жаңбыр жауып, оның мөлшері 14 мм, күндіз 22 мм құрады. 

ТЖ департаментінің Дағдарыс орталығында жедел штаб үйлестіру жұмыстарын атқарды.

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран және Қаратау аудандарында 27 көшедегі жиналған еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді.

Абай ауданында Гагарин көшесінде, Ынтымақ бөлімшесінде, Темірлан тас жолы, Төрт көл көшелірінде, Тұран ауданында Құрсай шағын ауданында Бөгенбай батыр, Құлан төбе көшелерінде, Республика даңғылы бойында «Колос» тоннелінде, Спорт шағын ауданында, Еңбекші ауданында Қапал батыр көшесі бойындағы көпір астына, Қаратау ауданында Нұрсат мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жер төлелерінде суды шығару жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 5755 текше метр су сорылды, құм толтырылған 900 қап төселді. Суды сору жұмыстарына ТЖ департаментінің жеке құрамынан 150 қызметкер мен 60-тан астам бірлік техника жұмылдырылды. Бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді, зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖД таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс қызметі
Өзгелердің жаңалығы