Шымкентте 26 мыңнан астам колледж студенті қашықтан оқып жатыр

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы саны - 30. Солардың 11-і мемлекеттік болса, қалған 19-ы жекеменшік колледждер.

2020 жылдың 16 наурызынан бастап бұл колледждер қашықтан білім беру жүйесіне көшкен. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. 

Оның айтуынша, "College SmartNation" қашықтықтан оқыту платформасын 28 колледж, ал "Portal" оқыту платформасын 1 колледж қолданады. Ондағы білім алатын студенттердің жалпы саны - 26 308. Соның ішінде Шымкент қаласынан – 16 311 (62,2 %), елдімекендерден – 9 997 (37,9%), практикада жүргендері – 2 836 және сырттай білім алатындар – 879 болып отыр. 
Сондай-ақ онлайн жүйесі – 17 166 (65%), оффлайн жүйесі – 3 198 (12%), ұялы байланыс (WhatsApp) – 5 944 (23%), 19 жекеменшік колледжге "College SmartNation" қашықтықтан оқыу платформасы 16 наурыздан бастап орнатылды. Бұл бағытта өзекті мәселелерді шешу жолдары да қарастырылуда. 12 жекеменшік колледжде басшылық, мұғалім тәжірибесі, интернет жылдамдығының төмендігінен кері байланыс, теориялық, практикалық, үй тапсырмасы, сабақ кестесі, пәндер толымдылығы бойынша мәселелер бар. Алайда оның шешу жолдары бойынша "Қазақтелеком" АҚ-ға тапсырма беріліп, платформа авторларымен онлайн режимінде оқу семинарлары ұйымдастырылуда, - деді Жанат Тәжиева.
Білім басшысының сөзінше, бұл колледжердерде 2462 ұстаз бен қызметкерлер бар. 
Білім саласындағы қызметкерлердің айлық жалақысы өз мерзімінде төленуде. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша штаттық режимде жұмыс істейтіндер – 120 әкімшілік, техникалық қызметкер, ал шеттетілген режимде жұмыс істейтін педагогтар – 2 277. Кестеге сәйкес кезекті еңбек демалысындағы қызметкерлер – 65 адам, - дейді Жанат Тәжиева. 







Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы