Шымкентте 250 адам қатысқан той тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды, деп хабарлады aikyn.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, өткен жексенбі, 20 маусым күні кешкі уақытта «HAYAT» мейрамханасында үйлену тойы ұйымдастырылған. Той иесі карантиндік шектеулерге қарамастан, қонаққа 250 адамды шақырған. Ал мейрамхана қызметкерлері мен даяшылары бетпердесіз қызмет көрсетіп жүрген.
Полицейлер тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алды. Барлық материал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейде індет өршіп барады
Келесі жаңалық
Алматылық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы