Шымкентте 213 білім беру ұйымы қашықтан оқытады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте мектеп оқушылары қашықтан оқытудың екі бағыты бойынша білім алады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков пен қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева хабарлады.
Шымкент оқушылары үшін төртінші тоқсан ерекше форматта өтеді. Өйткені елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты балалар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп отыр. Миллионды қала оқушылары білім беру жүйесінің екі бағыты бойынша қамтылмақ. Оның бірі - Интернет платформа. Екіншісі - Телараналар арқылы, бұл ең тиімді әрі оңай тәсіл, - деп атап өтті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков баспасөз брифингінде.
Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, Шымкенттегі 147 мектептің 25-і жеке меншік.
Білім басқармасы 222 мыңнан астам оқушының материалдық жағдайын саралап, оларды бірнеше топқа бөлді. 30364 бала аз қамтамыз етілген отбасыдан шыққан. Оның 17 мың 616 компьютер қажеттілігі туындаған. Бұл мәселені шешу мақсатында қала мектептеріндегі 10 192 компютер оқушыларға таратылып берілді. Ал, қалған 7424 балаға қажетті компьютер сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2250,0 миллион теңге бөлінді. Ол қаржыға 9000 компьютер сатып алуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл жуық арада шешіледі, - деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, қаладағы 17 мыңнан астам ұстаз қашықтан оқытуға дайын. Әр пән мұғалімі соңғы тоқсанда оқытылуы қажет сабақтардың арнайы кестесін жасаған. Бұл үйде отырған бара үшін тиімді. Өйткені уақытын босқа өткізбей сабақ оқиды.
Ата-анаға қиындық болмас үшін қалалық білім басқармасы арнайы балалардың тізімін жасап, үйінде компьютері жоқ көмекке мұқтаж балаларға мектептегі компютерлерді жеткізіп, интернет желісін жалға берді. Мұқтаж отбасыларға оның ақысын да төледі. Ол қаржы мектепке тартылған интернетке кететін шығын есебінен жабылған. Ұстаздардың сабағын жазып үлгермеген бала телеарналар арқылы да сабақ оқуына мүмкіндігі бар. Республикалық «Хабар» және «Ел Арна» телеарналарында күнделікті сабақтар жүреді. Қазір 30 мыңнан астам дәріс әзірленген. Ол сабақтар жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік» және «Отырар» телеарналарынан көрсетіледі. Жалпы бұл жүйе орта білім мекемелерінде алғаш рет қолданылып отыр. Сондықтан ұстаздар үшін артылған жауапкершілік үлкен. Дегенмен біз бар күшімізді саламыз, - деді білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Берік Уәли: Ел көңілін көтеріп, еңсесін тіктеуге септесер ұлағатты іс екеніне еш шүбә жоқ
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы