Шымкентте 2000 адам кәсіптік білім алуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында кәсіптік оқыту негізінде халықтың еңбекпен қамтылуына мол мүмкіндік туып отыр.

Кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды қамтиды, деп хабарлайды 
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты аясында Шымкент қаласының аумағындағы кәсіпорындардан, мекемелерден өтінімдер алынған болатын. Осыған орай еңбек нарығында сұранысқа ие 21 мамандық бойынша 2000 орынға тізім жасалынды.

Қазіргі таңда екі мың адам 32 білім беру ұйымдарында кәсіптік білім алып жатыр.

Айта кету керек,  кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша республикалық бюджет есебінен білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы