Шымкентте 16 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында "А" есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.
Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелдегі ҚҚС мөлшерлемесінің шегі қандай?
Өзгелердің жаңалығы