Шымкентте 1500 жуық абонент газсыз қалды

Газ құбырынан шыққан ақаудан 1500 жуық жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытта арнайы техникалар мен 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.

Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны (утечка) анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды. Жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын болады, - делінген Шымкент қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы