Шымкентте 15 жастағы қыз фаст-фуд дәмханасында көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте кассир болып жұмыс істеп жүрген 15 жастағы қыз көз жұмды, деп жазды otyrar.kz.

Туыстарының айтуынша, жасөспірімді электр тогы соққан болуы мүмкін. Өйткені алғашында суыт хабар жеткізгендер осылай хабарласыпты.

Ал қазір шикілік орын алып жатыр деген Ағару Құралбайдың отбасы тергеудің әділ өтіп, кінәлілердің жазаланғанын талап етуде.

Қазіргі таңда бұл жайт бойынша Қаратау АПБ-мен ҚР ҚК 156 бабы, 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Яғни, еңбек қағидасын бұзу салдарынан адам өліміне алып келген оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған мекеменің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігіне сай , қауіпсіздік шараларын қаншалықты деңгейде қамтамасыз етті, қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды ма? Жоқ, жасалған жоқ па? Ол жағына әлі құқықтық баға берілетін болады, - деді Шымкент қаласы Қаратау АПБ тергеу бөлімінің бастығының орынбасары Аянхан Омаров.

Қазір фаст-фуд дәмханасы тергеу аяқталғанша есігі мөрленіп, уақытша жабылған. 

Қазіргі таңда кісі өлімне қатысты сот-мединицалық сараптама тағайындалған. Туыстарының қолында экспертизаның алғашқы қорытындысы бар. Онда үш себепте «тоққа түсіп қайтыс болған» делінсе, біреуінде «белгісіз» деп көрсетіліпті. Ал нақты сараптама 20 күнде белгілі болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы