Шымкентте 13 вагон жолдан шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетіп аударылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылғы 24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының темір жол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып (вагондар бос, құрамында 21 вагон болған), аударылған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 жолаушы және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.
Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, «ҚТЖ» АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.
Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада медициналық мекемелердің жұмысы күшейтіледі
Өзгелердің жаңалығы