Шымкентте 116 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шымкентте құны 1 млрд теңгеден асатын 116 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қалалық прокуратура келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған 17 жер қойнауын пайдаланушыны анықтаған еді. 

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзды. Сондай-ақ прокурорлар пайдалы қазбаны заңсыз өндірудің 5 дерегін әшкереледі. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Айта кеткен жөн, мемлекеттен пайдалы қазбасы бар жерлерді алғанда, жер қойнауын пайдаланушылар әлеуметтік шарттарды орындауға міндеттеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы