Шымкентте 115 спорт алаңы ел игілігіне беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Шымкентте 100-ден астам спорт алаңы бой көтереді. Солардың алғашқысы бүгін Әл-Фараби ауданында қолданысқа берілді. Инвесторлар қолдауымен ашылған спорттық орын тек жасыл алаңнан тұрмайды. Одан бөлек, стрит воркаут алаңы мен балалар әткеншегі де бар.
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Денені шынықтыруға арналған орын тек жасыл желек пен ойын алаңынан тұрмайды. Мұнда көше спортына арналған турниктер де бар.
Айта кетейік, бұл спорт алаңшасы кәсіпкерлер демеушілігімен пайдалануға беріліп отыр. Инвесторлар сөзінше олар бір ғана спорт нысанын ашумен шектелмейді. Және ол үшін 100 млн теңге бөліп отыр екен.
Ал қала әкімінің орынбасары биыл Шымкент бойынша ел игілігіне берілетін 115 спорт алаңшасының 14-і кәсіпкерлер қолдауымен, қалғаны бюджет есебінен тұрғызылатынын айтты. Жалпы әр орталық құны 5-19 млн теңгеге дейін жетеді дейді Мақсұт Исахов.
Барлығын бір пішінде жасауға тырысамыз. Өйткені жердің тарлығына байланысты воркаут алаңшалар болмауы мүмкін. Бірақ ондайлар көп емес. Тек қана алаңшалар осындай. Ал негізінен воркаут бірге болады. Жалпы біздің 115-тің 80-нен астамы ауылды мекендерде болады, – дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы