Шымкентте 101 мектеп салынады – қала әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Жолдауы аясында Шымкентте 101 мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. 

Президент Жолдауында ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыруды, 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырған болатын. Оның ішінде әрбір 10-шы, ол 101 мектеп, Шымкент қаласында салынатын болады. Биыл 32 мектептің құрылысы жүріп, 11 764 орындық 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде апатты мектептер мәселесі толығымен шешіліп, 14 үш ауысымды мектептер саны 9-ға дейін азайды, - деп хабарлады ол. 

Оның айтуынша, 4 жылда өңірдегі үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешіледі. 

2025 жылы қалада үш ауысымды және мектебі жоқ шағынаудандар мәселесі де толығымен шешіледі. Сонымен бірге қалада заманауи 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталды, - деп мәлімдеді әкім.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы