Шымкентте 100 млн теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды

Шымкентте “Қорғау” бағдарламасы арқылы 100 млн теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

“Қорғау” бағдарламасы арқылы қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алып, патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне хабарлаған. 

Mercedes-Benz S 350 көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 110 миллион теңгеге жуық берешегі бар екені анықталды. Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, көлік айыптұраққа жеткізілді. 

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында “Қорғау” қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы