Шымкентте 1,5 жастағы сәбидің басына кастрөл кептеліп қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте бір жарым жасар қыз соңғы екі күнде ыдыс-аяқпен ойнаған. Ойын барысында ол оны басына кәстрөлді кіип алып, шеше алмаған. 

Баланың басы ыдысқа қатты қысылып қалғандықтан, ол басын өз бетінше шығарып ала алмаған. Баланың ата-анасы да оның басынан кәстрөлді ала алмаған. Кейін олар төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, көмек сұраған. Оқиға 9 мамыр күні болған, хабарлама Құтқару қызметіне сағат 12: 40-та түскен, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Нәрестені құтқару үшін оқиға орнына бас құтқарушы Қ.Нұсқабаевтың басшылығымен Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкерінен құралған құтқару тобы барды.

Бала кәстрөлді басынан шешкізбей қатты жылай берген. Құтқарушылар келерде жылап-жылап қатты шаршаған сәби ұйықтап қалған. Құтқарушылар баланың басына сұйық май жаға отырып, ыдысты баланың басынан 15 минуттың ішінде шешіп алған.

Құтқару операциясы сәтті аяқталды, қыз зардап шеккен жоқ.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы