Шымкентке 20 қазаннан бастап жылу беріле бастайды

Шымкентте 20 қазаннан бастап жылу беріле бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы кестеге сәйкес Шымкент қаласына жылу қазан айының 25-іне қосылуы керек болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қаулысымен көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қазанның 20-сынан бастап жылу берілетін болды.

Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір қаладағы 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциялары жылу беру маусымына дайын.

Ауа температурасының төмендеп, күннің салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан әкімдікке көптеген өтініш келіп түсті. Осыны ескергендіктен жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосу тапсырылды, - делінген әкімдік тарапынан таратылған ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы