2 Қаңтар 2019 2019, 14:20
Шымкент-Дубай рейсі ашылды
Астана, baq.kz. Шымкент-Дубай бағытындағы жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды.
Астана, baq.kz. Шымкент-Дубай бағытындағы жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды.
Қалалық әкімдік таратқан хабарламаға қарағанда, Біріккен Араб Әмірліктеріне жолаушыларды «Fly Dubai» компаниясының ұшақтары тасымалдайтын болады.Ұшақ аптасына 2 рет ұшатын болады. Рейстің ұзақтығы - 3 сағат.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент және Дубай қалаларының арасында тікелей ұшақ қатынасы ашылатынын хабарланған болатын. Тікелей ұшақ рейсі аймақтық және қалалық әуе қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарады деп жоспарланып отыр.