Шымкентте вирус жұқтырған соңғы 4 науқас жайлы мәлімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 4 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Ауру жұқтырғандардың төртеуі Шымкент қаласында тіркелді.  Барлығы да  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде - делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 09.04.2020 жылғы сағат 10:00 жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 27 адам анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы