Шымкент вакцина алудан көш басында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Қала басшысының айтуынша, Шымкент өткен жылдың желтоқсан айында пандемияға үш кезең бойынша дайындалған. 

Биылғы жылғы 1 ақпаннан бастап вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Шымкенттің 239 536 тұрғыны вакцинаның 1-ші компонентін, ал 141 328 тұрғыны екінші компонентті алды. Бұл вакциналанатын тұрғындардың 44%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент көш басында, - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.  
Дағдарыс жағдайында 5456 төсек-орынға дейін ұйымдастыруға әзір болыпты. Қазір стационарлардағы дайын төсек-орынның 25%-ында пациенттер бар. Нақтылап айтқанда, 327 науқас  ем қабылдауда.  

Еліміз бойынша қатерлі індетке қарсы вакциналау белсенді жүріп жатыр.

24 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 2 920 407 адам вакцина салдырды, II компонентті 1 793 400 адам салған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы