5 Қазан 2020 2020, 11:51

Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды

Алматы, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әуежайы сатылымға шығарылды. Мұндай ақпарат электронды сауда алаңында пайда болды.

Алматы, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әуежайы сатылымға шығарылды. Мұндай ақпарат электронды сауда алаңында пайда болды.

Еліміздегі үшінші мегаполистің әуежайы 5 234 000 000 теңгеге бағаланып отыр. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 8 қазанда аяқталады. 

Нысанның сатылымы қазіргі нарықтық баға бойынша сату-сатып алу келісімшарты арқылы іске асырылады,-делінген сайтта.

Сатып алушыға жүктелетін шарттар қатарында – кем дегенде алты миллиард инвестиция салу, шығынсыз қызметті қамтамасыз етіп, 2021 жылдан бастап жылына 150 миллион теңге табыс әкеду, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орнын құру бар. 

Қазір «Шымкент Әуежайы» АҚ-да 537 адам жұмыс істейді.