Шымкент: Әуежай терминалындағы өрт сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өрт сөндірушілерге хабар таңғы сағат 06.55-те келіп түскен. Дереу оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Скат» жеке әуе компаниясына қарасты 4 қабатты жаңадан салынып жатқан терминалда болған өртті сөндіруге кіріскен.Оқиға орнына ТЖД -нің 13 техникасы мен жеке құрамнан 40 адам, апаттық медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, №55652 әскери бөлімінен 6 қызметкер мен 2 дана техника және әуежайдың мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен 7 қызметкер мен 2 дана техника тартылды.
Өрттің салдарынан терминалдың шатырының көлемі 270 ш.м. ағаш бөренелері жанды. Өрт сағат 07:27-де оқшауланып, сағат 07:35-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.
Шымкент әуежайының жаңа терминалы 2020 жылдың қазан айында пайдалануға берілуі тиіс еді. Құрылыс құны - 21,5 миллиард теңгені құраған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда облыс әкімінің грантын 80-ге жуық жас иеленді
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы