Шымкент түрмесіндегі 160 сотталған адам жұмысқа орналасты
Шымкент қаласының №54 мекемесінде жұмыс киімдерін тігуге арналған тігін өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы жоба аясында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың арасынан 160 сотталған жұмысқа орналастырылып, толық әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді.
Сотталғандар ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланға киім тігеді.
Қазіргі уақытта 1,5 млрд теңге көлеміндегі киім тігуге мемлекеттік сатып алулар туралы алдын ала келісім жасалды.
Сонымен қатар кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған мекемеде өнімдер көрмесі өтті.
Сондай ақ «Акниет» ЖШС-мен №53 мекемесінде шұлық, іш киім және төсек-орын бұйымдарын өндіру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Бұл жобаның мақсаты тек проблемалық мәселелерді шешу ғана емес, жалпы сотталғандарды қоғамға одан әрі бейімдеу болып табылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы