Шымкент тұрғыны тауық қорасында аса ірі көлемде есірткі сақтаған
Шымкент тұрғыны тауық қорасында аса ірі көлемде есірткі сақтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
46 жастағы ер адам бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған. Жазасын өтеп, бұрынғы әдетіне қайта оралған ол бұл жолы жауапкершіліктен құтыла алмады.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жергілікті тұрғынның үйінің ауласындағы тауық қорадан есірткі затын тапты.
Онда ер адам арнайы шұңқыр қазып, сол жерге 4 банка марихуана жасырған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,6 келі болды. Қ
азір, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Қаратау аудандық полиция басқармасы аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Полицейлер есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар қалаған зейнетақысын жоспарлай алады
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы