Шымкент тұрғыны алаяққа 1,6 млн теңгеге алданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент тұрғыны алаяққа 1,6 млн теңгеге алданды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 31 мамырында Шымкент қаласы полиция департаменті әл-Фараби АПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты тұрғын үй басқармасымен берілетін пәтерлерді алуға көмек беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 1 600 000 теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін қаржысын кері қайтармай, қашып жүргенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жезқазғанда балаларды оңалту орталығы ашылды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы