Шымкент тұрғыны адамдарды өлтіруді насихаттаған

Шымкентте терроризмді насихаттап, айналасындағыларды адамдарды өлтіруге шақырған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қалалық сот 2025 жылғы мамырда осы мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Белгілі болғандай, ҰҚК тергеген қылмыстық іс аясында ол айналасындағыларды адамдарды өлтіруге шақырып, діни негізде зорлық-зомбылықты ақтағаны анықталды. 

Бұдан бөлек, маусымда ҰҚК материалдарына сәйкес, сондай-ақ Атырау және Ақтөбе облыстары соттарының шешімдерімен діндарлар арасында терроризмді насихаттағаны үшін еліміздің екі азаматы тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен бірге, фигуранттар жалпы қылмыстары мен террористік белсенді аймақтарға шығуға әрекеті үшін соттылығы болған, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Аталған адамдарға қатысты үкім заңды күшіне енді.

Жалпы осы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша 52 адам, оның ішінде 2 шетелдік азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Тағы 52 адамға қатысты тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы