Шымкент-Ташкент бағытының кіреберсіне саябақтар салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов және қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов үшінші мегаполистің Шымкент – Ташкент бағытындағы кіреберісін көріктендіру бойынша жоба жұмыстарымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған жоба қала аумағындағы ең маңызды кіреберіс болып саналады. Жоба аясында Шымкент-Ташкент бағытындағы жағалауға тұрғындар мен қала қонақтарына арналған демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар салынбақ.Жалпы, қала көркi кiреберiстен танылады. Қалаға келген қонақтар қаланың кіреберіс босағасының тазалығына, әрі сәулетіне қарап баға беретіні сөзсіз, - деп хабарлады Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды
Келесі жаңалық
Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты
Өзгелердің жаңалығы