Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
12 шілдеде Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.
Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда 230 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады
Өзгелердің жаңалығы