Шымкент әкімі жаңадан салынатын аурухана құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орындық аурухана құрылысымен танысты. Бұл туралы  Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы хабарлады. 

Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь жылдам құрастырылатын бөлшектерден тұрғызылады. Қажетті құрылыс заттары толықтай отандық материал екен. 400-ге жуық жергілікті жұмысшы тартылған. Арнайы аурухана стационар, жан сақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажетті мамандар іріктеліп алынады - делінген хабарламада.

Бұл ретте уақытша аурухананың жабдықталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы белгіленген нормативтерге толық сай болады.

Мұндағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үйлестіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы