Шымкент пен Балқашта метеожағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қараша күні жағымсыз метеорологиялық жағдай Қазақстанның екі қаласында күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, сенбі күні атмосфералық ауа сапасы Шымкент және Балқаш қалаларында нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы