Шымкент пен Ақмола облысында жұмыртқа арзандады
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ.KZ. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларына мониторинг жасау барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілеріне, олардың іс-әрекеттерінде заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы 14 жаңа хабарлама жіберді.
Олардың төртеуі - СҚО-дағы тауық жұмыртқасы бойынша;
-төртеуі - Жамбыл, БҚО облыстары бойынша қант саласы бойынша;
-үшеуі - ШҚО, СҚО, Атырау облыстарында күнбағыс майы; екеуі сүт өнімі бойынша,
-біреуі - Шымкенттегі құс етіне байланысты.
Бұрын шығарылған 25 хабарламаны есепке алғанда, жалпы саны 39-ды құрады.
Оның ішінде 12 хабарлама - ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау туралы орындалды (5 - Шымкент қаласында, Қостанай, Атырау, Жамбыл облыстарында тауық жұмыртқасы бойынша, 3 - Жамбыл және Қарағанды облыстарында қант бойынша, 2 - Қарағанды облысында қарақұмық жармасы бойынша, 1 - Шымкент қаласында күнбағыс майы бойынша, 2 – Шымкент қаласында, Қарағанды облысында күнбағыс майы бойынша) - делінген хабарламада.
Бұл ретте, 12 нарық субъектісі хабарламаларды орындап, бағаны белгіленген 30 күндік мерзімнен бұрын төмендеткенні атап өткен жөн.
Сонымен қатар, статистикалық деректерге сәйкес, ағымдағы жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша тауық жұмыртқасы бағасының төмендеу үрдісі байқалады: апта ішінде, ағымдағы жылғы 16 - 25 наурыз аралығында жұмыртқа бағасының төмендеуі 0,2%-ды құрады.
Бұрынғысынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына 6 тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (2 – нан бойынша, 2 – күнбағыс майы бойынша, 2 – сауда желілеріне қатысты).