Шымкент оқушыларына патриотизм мен ерлік сабағы өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің Шымкент гарнизонына жасаған жұмыс сапары аясында М.Х. Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияда патриотизм мен ерлік жөнінде сабақ өткізілді.

Сабақ барысында 9-11 сынып оқушылары заманауи қазақстандық армия, әскери қызмет пен кәсіп туралы таныстырылды. Жоғары сынып оқушыларына министр патриотизмнің мағынасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің техникалық жабдықталуы мен жетістіктері жөнінде әңгімелеп берді. Сонымен бірге көрнекі және қарапайым мысалдар келтірді. Мектеп оқушылары министрдің тілегі мен кеңестерін қызыға тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері болды.

Өз сөзінде министр жастарға бүкіл  қайрат пен күш-жігерді алға қойған мақсатқа жету үшін жұмсауды, уақытты бағалап, оны тиімді пайдалануға, өздерінің мұғалімдеріне құрмет көрсетуге шақырды,сондай-ақ адамның білімге деген құштарлығы,тың ойлары мен мінезі осы жас кезде қалыптасатынын атап өтті.
Осындай сабақтар қазақстандық оқушылармен тұрақты және жиі өткізіледі. Жас ұрпаққа осындай форматтағы әңгімелесу мен ашық диалог ұнайды. Әскерилер тәжибелі мамандар ретінде өздерінің білімдерімен бөліссе, ал өскелең ұрпақ мектеп қабырғасынан бастап патриот болумен қатар, Отан алдындағы өздерінің жауапкершіліктері мен міндеттерін түсінуге үйренеді, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы