Шымкент мектептері 1 қыркүйекке дайын ба

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шымкентте 275 мектеп бар. Оның 150-і мемлекеттік, 125-і жекеменшік. Қалада 260 мыңға жуық бала орта білім алады.

Кез келген салада сапаны қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым, мамандар мен білім мазмұны маңызды. Қаламызда үшауысым мәселесі шешілді деп айттық. Дегенмен Шымкентте демографиялық өсім жоғары. Оған қоса қаламыз республикалық қала мәртебесін алғалы бері кәсіпорындар, мекемелер жұмыс беретіндіктен ішкі миграция проце-стері де өте белсенді жүріп жатыр. Сондықтан жыл сайын оқушы жасындағы балалар саны 8-9%-ға өсіп отырады, - деді білім басқармасы басшысы.

Оның сөзінше, қалада қазіргі күні 21 мектепте әлі күнге дейін оқушы толымдылығы жоғары. Шәмшиева бұл болашақта үшауысыммен жұмыс істейтін мектеп болып қалуы мүмкін екенін атап өтті.

Айтуынша, Түркістан облысынан қосылған 13 елдімекеннің 9-ында мектеп мәселесі «Жайлы мектеп» жобасы арқылы шешімін таппақ. Нұргүл Шәмшиева оқушы орны мәселесін шешу үшін мемлекеттік мектептер мен жекеменшік мектептер салу арқылы шешілетінін жеткізді.

Қалада қазір 4 мектепте және бір колледжде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. №48, 8 және 120 мектептерде жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Ал №80 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылы басталғанға дейін аяқталмаса, онда бастауыш сынып оқушылар былтыр ашылған қосымша ғимаратта оқиды. Ал 5-11 сынып оқушылары жақын орналасқан мектептерде және жалға ғимарат алып орналастыруды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді басқарма басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы