Шымкент: Медициналық ұйымдарда QR код қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында медицина саласын цифрлық технологияға көшіру жұмыстары қарқын алған. Бүгінде қаладағы 33 мемлекеттік медициналық мекемеде QR код жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа технология арқылы дәрігерлер жайлы деректер, жұмыс кестесі, еңбек өтілі және науқастардың пікірін білуге мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама уақытты үнемдеу, қашықтықтан құжат алмасу, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді.QR код қосымшасы арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылып, медицина маманын үйіне шақыруына болады. Ең маңыздысы – ұсыныстар, арыз-шағым мен талаптар қалдыруға да жағдай жасалған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, пилоттық жоба ретінде екі мекеме (қалалық №5 және №3 емхана) 2021 жылдың басынан «Ақылды емхана» жүйесіне көшеді, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Волейболдан Ұлттық лига ойындары қаңтар айында жалғасады
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы