19 Қаңтар 2026, 14:22
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Шымкент көшелерінде оқ атылуы мүмкін
19 қаңтар күні Шымкент қаласында Полиция департаменті Еңбекші ауданында (Индустриялық аймақ аумағында) оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 қаңтар күні Шымкент қаласында Полиция департаменті Еңбекші ауданында (Индустриялық аймақ аумағында) оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу барысында холосты оқ-дәрілер қолданылатындықтан, аталған аудан тұрғындары атысқа ұқсас дыбыстарды естуі мүмкін.
Полиция азаматтарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және жалған ақпарат таратпауға шақырды.