Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды

Бұл орындықтарда қазақтың ақиық ақын, жазушыларының шығармалары, сондай-ақ әлемдік бестселлер кітаптарының мұқабасы суреттелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды. Бұл қызықты, әрі креативті жобаны қолға алған Абай кітапханасына қарасты бөлімшілер.
Аталған кітапхана жүйесіне қарасты №1,10 кітапханалар ауласында электронды кітаптар сөресі бейнеленген орындықтар қойылды.


Бір қызығы әр орындыққа ерекше атау беріліпті. Мәселен, “Оқы. Таны. Талқыла” атты орындыққа Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», «Өліара», «Оң қол», «Ақиқат» атты көркем дүниелері қойылса, «Мәдениеттің мәйегі – кітап» орындығына жазушы Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан», Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар, М.Әбдәкімұлының «Сүлеймен қарақшы», С.Көбеевтің » Қалың мал» романдарын QR код арқылы электронды нұсқасын смарттелефон арқылы оқи аласыз.

Жалпы «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 кітапхана мемлекеттік бюджетке қарайды. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 1 – Абай атындағы қалалық орталық кітапхана, 23 – кітапхана бөлімшелері оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы