Шымкентте 115 коммерциялық нысанға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша мобильдік топ құрылған.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының хабарлауынша, жұмысшы топ аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарда, әсіресе ірі сауда орындары, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап бүгінге дейін карантин режимін бұзған 115 коммерциялық нысанға (36 азық-түлік және азық-түліктік емес дүкен, 25 қоғамдық тамақтану орны, 11 монша, спа орталықтары, 8 компютерлік ойынхана, 7 автожуу бекеті, басқа да объектілер) хаттама толтырылып, айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Іс-шара барысында бетперделік режимді сақтамау, қолғаптар қолданбау, уақыт режимін бұзу сынды заңсыздықтар анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы