Шымкент қаласының прокуроры тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Шымкент қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов тағайындалды.
Ғабит Мұқанов 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Алматы облысы Кербұлақ және Талғар аудандары, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорларының орынбасары, Алматы облысы Талғар ауданының және Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының басқарма бастығы – аппарат басшысы және Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кадрларды дамыту департаментін басқарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында сармат дәуірінің қорымы табылды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы