Шымкент қаласындағы 15 эвакуациялық жинақтау пунктерінде жағдай бірқалыпты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік, киім-кешек пен азық-түлік жеткізілген. Аталған орындарға Шымкент қаласы волонтерлық корпусының 500-еріктісі жұмылдырылған, деп хабарлады Жастар ресурстық орталығының "Қоғаммен байланыс және ақпараттық талдау" бөлімі.

"Олар, физикалық тұрғыда азаматтарға қол ұшын беріп, оқыс оқиғада ата-анасынан көз жазып қалған бүлдіршіндерді іздестіруге атсалысып жатыр. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері оның ішінде, психолог, социолог, заңгер сынды мамандар халықпен тығыз жұмыс істеуде. Ал, көмек көрсетіп, азық-түлік жеткізгісі келгендер «Көрме» орталығына алып барғаны жөн. Заттар мұқтаж жандарға сол жерден таратылады. Яғни, Түркістан, Отырар, Шардара, Қазығұрт, Сарыағаш пен Ордабасы аудандарына сол жерден қажетті заттар жіберіледі. Төменде аталған аудандардың жауапты өкілдерінің байланыс нөмерлері көрсетілген", - делінген таратылған ақпаратта.

1.Түркістан қаласы. Ақмарал Батырбекова – 8701-606-62-72
2.Шардара қаласы. Ақшагүл Бердалиева – 8778-188-19-65
3.Орынар ауданы. Жанат Мұсатаева – 8771-795-60-60
4.Қазығұрт ауданы. Асан Үсенбаев – 8705-868-15-65
5.Сарыағаш ауданы. Бауыржан Майрыхов – 8707-779-19-74
6.Ордабасы ауданы. Шұға Тұрабаева – 8778-403-90-00

"Сондай-ақ бір тәуліктен бері абыр-сабырға түскен балалардың көңілін аулау мақсатында сағат 14:00-де ертегі кейіпкерлерінің образына енген аниматорлар №87 мектеп (эвакуациялық жинақтау пункінде) арнайы бағдарлама әзірлемек.Тосынан болған келеңсіз жағдайда көмек көрсетіп, атсалысып жатқан жаны жомарт азаматтарға мың алғыс!", - делінген ақпаратта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы