Шымкент гарнизонында әскерге шақырылушылар ант қабылдады

Шымкентте орналасқан әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған бөлімнің әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің ардагерлері, сондай-ақ сарбаздардың туыстары қатысты.

Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына кіре отырып, түрлі әскери мамандықтарды игеріп, Отанымыздың әуе шептерін қорғау жолында борышын абыроймен орындайтын болады.

Бөлім командирі полковник Орынбасар Жұбанов жас сарбаздарға арнаған сөзінде әскерде нағыз жауынгерлік достар табатынын, қару-жарақтың түрлерімен танысып, баға жетпес өмірлік тәжірибе алатынын атап өтті.

Қызмет еткен он екі ай ішінде офицерлер мен сержанттық құрамның, сондай-ақ өздеріңіздің еңбекқорлығыңыз бен жауапкершілігіңіздің арқасында кез келген уақытта біздің әуе шептерімізді қорғауға дайын нағыз жауынгер болып шығатындарыңызға берік сенімдімін. Сіздерге денсаулық, амандық және табысты қызмет тілеймін! - деп түйіндеді полковник Орынасар Жұбанов.

Олардың алдында бір жыл қарқынды оқу, қызмет ету және әртүрлі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау бар, ал бүгін мереке. Үйден ұлдарына дейін 2000 км-ге жуық жол жүріп өткен аналар бұл шараны көздеріне жас алып қарсы алды, өйткені жақында бұл балалардың көпшілігі мектепті бітірген болатын, ал бүгін олар әскерде қызмет етуін бастады.

Эмоциялар көп, оларды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір айда олар есейіп, байсалды ер-жігіттер болып үлгеріпті. Біз көптеген ата-аналармен әскери комиссариатта кездестік. Сол сәттен бастап біз де бір-бірімізбен жақын араласа бастадық. Жалпы, мен нағыз патриотты тәрбиелегеніме қуаныштымын және ұлымның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштеріне қызмет еткеніне мақтанамын. Мен оған лайықты қызмет тілеймін! - деді сарбаздардың бірінің анасы Тәттігүл Тулегенова.

Қостанай облыстық қорғаныс істері департаментінің жиын пунктінде тәжірибелі дәрігерлер мен психологтар олардың моральдық-психологиялық жағдайы мен денсаулығын анықтай отырып, мұқият іріктеу жүргізді.

Ал әскери бөлімге келгеннен кейін бір ай ішінде әскерге шақырылушылар жас толымның жиыны бағдарламасы бойынша курстан өтті. Ол кезде олар қызмет өткеретін бөлімнің тарихы мен дәстүрлерімен танысты, техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, саптық, мемлекеттік-құқықтық және атыс даярлығының негіздерін зерделеді.

Әскери ант қабылдағасын, сарбаздардың ата-аналарына экскурсия ұйымдастырылып, үлдарының қызмет ететін орынымен таныстырды және  бөлім басшылығы олардың сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы