Шымкентте домбыраға ескерткіш орнатылды
Шымкент, BAQ.KZ. Шымкент қаласында «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай «Домбыра» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Шараға қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қасиетті қара домбыра - қазақтың рухы және болмысы екенін атап өтті.
«Түркістан» сарайының алаңында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында орнатылған ескерткіштің авторы - Шымкент қаласының суретшілер одағы. Туындының биіктігі 7,5 метр, ені 1,5 метр.
Ескерткіштің бір ерекшелігі - жанына жақындаған кезде қазақтың күйі орындалады. Шымкенттіктер енді мұнда 30-ға жуық күй тыңдап, аспаптың қоңыр үнінен тамаша әсер ала алады.
Мерекелік шарада жергілікті өнерпаздар сан сырлы күй әуенімен тыңдармандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін «Домбыра күні» деп белгілеп, 2018 жылы 13 маусым күні жарлыққа қол қойған болатын.