Шымкент: Денсаулық сақтау саласында инвестициялық бес жоба жүзеге асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мақсатында биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 5 жоба іске асырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жөнінде салалық басқарма мамандары хабарлаған.
Бұл жобаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 10 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.
Олардың бірі №1 қалалық клиникалық аурухана базасындағы терапия және гемокоррекция орталығы болса, екіншісі «Медикер-ЮК» ЖШС-нің халыққа амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшін қалалық емхана құру жобасы.
Сондай-ақ «Қайтпас» шағын ауданындағы бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана мен қалалық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту жобалары бар. Қазіргі уақытта әлемдік стандарттар бойынша Call-орталық жұмыс істейді.
Жоғарыда аталған төрт жобада биылғы жылы өз жұмысын бастап, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде, - делінген хабарламада.
Ал бүгінгі таңда қалалық онкологиялық орталығы базасында ПЭТ орталығы мен сәулелік терапия орталығының қызметтерін ұсыну жобасы жүзеге асырылуда.
Осылайша, жеке инвестиция тарту арқылы бюджет жүктемесі төмендетіліп отыр.