22 Ақпан 2026, 20:15
Фото: ©BAQ.KZ
Шымкент дендросаябағында адамның мәйіті табылды
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласындағы дендросаябақ аумағынан мәйіт табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған дерек бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.