Шымкентте "Бизнестің жол картасы-2020" арқылы 43 жоба қаржыландырылды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы бизнесін кеңейтіп, өнім шығарып отырған кәсіпорындар бар. 

Аталған бағдарлама Шымкент бюджетін толықтырып қана қоймай, тауарлар мен қызметтердің түрін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізіп жатыр. 

Осы бағдарлама аясында кәсіпкерлердің қаржы алып, кәсібін дамытуына оператор болып отырған мекеменің бірі - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ. Аталған мекеменің Шымкент қаласы бойынша аймақтық филиалының директоры Алмас Тастановтың айтуынша, елімізде экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетіліп жатыр екен.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында қор 3 түрлі бағдарламаны жүзеге асыруда. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы – соның бірі. Үш бағыттан тұратын бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - қалалалар мен ауылдарды қамти отырып кәсіпкерліктің қанатын кеңейту. Осы мақсатта биылдың 9 айында "Даму" қорына жаңадан келіп түскен 50 өтініштің 43-і мақұлданды. Барлығы 7 088,1 млн теңгенің несиесін беруге шешім қабылданды. Сол 43 жаңа жобаның 37-іне "Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры" кепілдеме берген. Демек, осы 37 жобаға 6,8 млрд теңге несие беруге келісімшарт жасалған. 1,28 млрд теңге субсидия төленді, - дейді Алмас Тастанов.

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие ресімдеп, кепілдеме алған кәсіпкерлердің бірі – Владимир Коротков.

Ол Phyto-Apipharm ЖШС-ін басқарады. Аталған кәсіпорын 2015 жылы құрылған. Содан бері халық денсаулығын жақсарту және жастық шақты ұзартуға бағытталатын емдік дәрілер мен қоспаларды шығарады.

Кәсіпкер серпінді дамып, қанатын кеңге жайған компаниясының жұмысын одан әрі кеңейту мақсатында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ына жүгініпті.

Аталған қор арқылы 8,5%-бен 5 жылға несие алдым. Банк алдындағы кепілдеменің 20 пайызын "Даму" қоры берді. Осылайша, ол кәсіпорын жұмысымды кеңейттім. Дәлірегі, сол қаржыға ғимарат сатыл алдым. Сондай-ақ, өндіріске қажетті құрылғыларды әкелдім. Қазір, өнімді ТМД және алыс-жақын шетелге де импорттағалы отырмыз, - дейді Владимир Коротков. 

Айта кетейік, бүгінгі күні аталған кәсіпорында халық денсаулығына арналған 35-тен астам өнім түрлері шығарылады. Барлығы дерлік өсімдіктер мен табиғи шикізаттардан жасалады. Рецептурасы мен технологиясы компанияның меншігі болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы