Шымкент биыл cапалы ауызсумен 98%-ға қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сонымен қатар жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету 93%-ға, сапалы электр қуатымен қамту 97%-ға жететін болады.
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.
Халықтың сапалы ауызсуды тұтынуы үшін 10 елді мекенге ауызсу құбыры, кәріз жүйелерін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алдағы айдың басында Бозарық қосалқы станциясының құрылысы аяқталады. Бұл қала дамуы үшін аса маңызды жоба екені анық, - деді қала басшысы.Инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы шеңберінде 15 елді мекенде электр қуаты жөнделеді. 11 елді мекен көгілдір отынның қызығын көретін болады.
Айта кетсек, брифинг барысында Шымкентте биыл бір миллион шаршы метр үй салынатыны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жерді жалға беру туралы заң Сенаттан қолдау тапты
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы