30 Наурыз 2024 2024, 16:10

Шымкент әуежайы мамыр айына дейін күндіз жұмыс істемейді

Шымкент әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты бір ай бойы күндіз жұмыс істемейді. Бұл туралы "SCAT" әуе компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты бір ай бойы күндіз жұмыс істемейді. Бұл туралы "SCAT" әуе компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары өткізіледі, - делінген хабарламада.

Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.

Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн, деп атап өтті әуе компаниясындағылар.