«Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылды – Мұрат Әйтенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкентте әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жергілікті бюджеттен 1,1 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
«Мен кәсіпкер боламын» жобасымен әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жергілікті іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10 млн теңгеге дейін 1%-дық шағын несиелер беру қарастырылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге қаржы бөлінді, – деді ол.
Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірде жеке кәсібін бастағандар саны артып, 2 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетілген.
Қалада «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 8,9 млрд теңге бөлінген. Бүгінде Бағдарлама шеңберінде 7,8 млрд теңгеге 1 946 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2021 жылға 2,9 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге құны 57,8 млрд теңгені құрайтын 70 жобаға 2,5 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгеге 70 жоба қаржыландырылды, – деп мәлім етті әкім.
Мұрат Әйтеновтің айтуынша, биыл қалада кәсіпкерлерге қызмет көрсететін жаңа фронт-офис ашылды. Сонымен қатар оларға жеңілдетілген несие алуына көмектесетін микроқаржы ұйымы құрылған.
Қалада кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы құрылған. Мұнда кәсіпкерлер бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап жобаны пайдалануға беруге дейін, оның ішінде барлық рұқсат беру құжаттарын қаржыландыру және рәсімдеу бойынша сүйемелдеумен бірге қызмет көрсетеді. Бүгінге фронт-кеңсенің қызметіне 34 мыңнан астам азамат жүгінді. Сонымен қатар осы жылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылды, – деп атап өтті ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкент әкімі: Қалаға 20 мың жұмыс орны қажет
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы