Кеше 2026, 22:45 Фото: unsplash.com

Шымкент – Астана рейсі кезінде жолаушыдан 7,6 млн теңге ұрланды

Күдіктілердің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жолаушының 7,6 млн теңгесі ұрланғаны туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен полиция екі шетел азаматын анықтап, ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер жәбірленушінің аңғалдығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жасырын түрде қолды еткен, – деп мәлімдеді министрлік.

Ұсталғандар кінәларын мойындап, қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.