"Шымкент-Астана" пойызында сәби дүниеге келді
Жолаушы Кенжеева күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан. 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 «Шымкент-Астана» пойызында келе жатып, жолаушының толғағы басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Нәтижесінде, 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді.
Пойыз бригадаларының қызметкерлері үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Соңғы 3 жылда ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 14 бала дүниеге келді, - деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақша аудармаңыздар. ҚМА қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы