"Шымкент аруы" Instagram-дағы "ойындары" үшін жазаланды
Блогер әрі «Шымкент аруы – 2022» титулының иегері Зарина Нұржанова әлеуметтік желілерде заңсыз онлайн-ойындар ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған инфлюенсерлер қатарында екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсан айында Зарина Нұржановаға (zarina_nurzhanovaa аккаунты, аудиториясы 1,4 миллионнан астам) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
Айыппұл сомасы 589 800 теңгені құрады. Бұл 150 айлық есептік көрсеткішке тең.
Еске салайық, бұған дейін заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам жауапкершілікке тартылғаны хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биылдан бастап миллиондаған адамның жалақысы артады
Өзгелердің жаңалығы